«Пойыз ба?» Әуеде ұшқан нысандар не екені анықталды 26 июля 2022, 18:11

0 16

Желіде тізбектеліп ұшқан беймәлім нысандар көрсетілген видео тарады. Бұл көрініс қайда, қашан түсірілген? Massaget.kz тілшісі анықтады.

"Пойыз ба?" Әуеде ұшқан нысандар не екені анықталды
                26 июля 2022, 18:11

Видео кадры

Желіде тізбектеліп ұшқан беймәлім нысандар көрсетілген видео тарады. Бұл көрініс қайда, қашан түсірілген? Massaget.kz тілшісі анықтады.

Видеода ер адам белгісіз нысандарды пойызға ұқсатады. Көпшілік мұны Илон Масктің әлемге интернет тарататын «Старлинг спутниктер желісі» деп пайымдаған. 

Бұл видеоның түпнұсқасын Youtube-тағы ViralVideoLab арнасында 3 ай бұрын шыққан. Арна әкімшісі видеоларында CGI эффекті қолданылуы мүмкін екенін ескерткен. Сондай-ақ, рас-өтірігіне ешқандай жауапкершілік арқаламайтынын айтқан. 

Шын мәнінде, Старлинк спутниктері дәл осылай бұлттан төмен деңгейде ұшпайды. Компания сайтында да бұл спутниктер жерден 550 шақырым биікте ұшуы тиіс екені көрсетілген. Ал роликтегі нысандар бұлттан төмен ұшып барады. 

Демек, бұл видео — монтаж және Қазақстанда түсірілмеген. Ал ондағы «пойыз» деп, таңғалған дауыс роликке үстінен қосарланып жазылған. 

@massaget.kz

♬ оригинальный звук — Massaget.kz

Источник: tengrinews.kz

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.